Меню KDT

Новости

Қауіпсіз интернет

«Жаманшұбар негізгі мектебі» КММ
«Қауіпсіз интернет» атты республикалық  ақпараттық кампания 
іс-шараларының есебі
2016-2017 оқу жылы
 
2017 жылдың 10-21 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» атты республикалық ақпараттық кампанияның іс-шаралары өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар  үшін тақырыптық стендтер жасалды. «Ата-аналар үшін жадынама», «Қауіпсіз интернет» атты парақшалары таратылды. Үйлерінде қолданыста компьютерлері бар оқушыларға «Қауіпсіз интернеттің ережелері» атты жадынамалар үлестірілді.

                

Ата-аналардың қатысуымен флеш-моб, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып өткізілді. 5-9-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз ғаламтор», «Қауіпсіз интернет» атты сынып сағаттары, пікір-сайыстар өткізілді.  7-9- сынып оқушыларымен Н.Т.Шарипова  «Ғаламтор және кітап» тақырыбында пікірталас өткізді. Шара барысында балалардың әлеуметтік желілер туралы ойлары тыңдалды. Сол секілді ғаламторда қауіпсіздік сақтау жолдары айтылып, кітап оқу және ақпараттық мәдениет туралы сөз қозғалды. Нәтижесінде, балалар түрлі білім беру, ойын және танымдық сайттармен танысты.



5-7-сынып оқушыларының арасында «Қауіпсіз интернет» атты суреттер байқауы өтті. 
 

   



Просмотров: 654

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда9
  • Осы аптада0
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки