Жаманшұбар негізгі мектеп жанындағы "Еркежан" шағын орталығында 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Аяулы анашым" атты ертеңгілігі өткізілді. Бүлдіршіндер аяулы аналарына арналған өлең-жырларын, ән-күйлерін айтты. Өздерінің дайындаған шағын көріністерін қойды. Аналармен қызықты ойындар ойнатылды. Бүлдіршіндер сабақта қолдан әзірлеген гүлдерін аналарға сыйға тартты. Ертеңгілік қызықты өтті. Аналар қауымы ризашылығын білдірді.